Kredity
PERFORMING ARTISTS
Do-Mi-No
Performer
COMPOSITION & LYRICS
Закир Егембердиев
Songwriter
Texty
Кездесуге келмейсің,
Назарыңа ілмейсің.
Саған деген сезімімді,
Түсінбейсің, білмейсің.
Әуре болма жігітім,
Көлеңке боп ізімнен.
Орын алу тым қиын,
Жүрегімнің төрінен.
Ай, ай, ай Гүлбану!
Сүйген жарың мен болам,
Күндіз-түні ойларымда,
Қиялымда сен ғана.
Ай, ай, ай Гүлбану!
Таңдағаным сен ғана.
Сен деп соққан жүрегімді,
Қылығыңмен қинама!
Қылықтарың сүйкімді,
Ұнатамын ұйқымды.
Ғашық етіп өзіңе,
Ұрлап алдың ұйқымды.
Ғашық болып соңымнан,
Жүр ғой талай серілер.
Адал жары мен болам,
Тапса жүрек серігін.
Ай, ай, ай Гүлбану!
Сүйген жарың мен болам,
Күндіз-түні ойларымда,
Қиялымда сен ғана.
Ай, ай, ай Гүлбану!
Таңдағаным сен ғана.
Сен деп соққан жүрегімді,
Қылығыңмен қинама!
Written by: Закир Егембердиев