Hudební video

Nabízeno v

Kredity

PERFORMING ARTISTS
Madina Sadvakasova
Madina Sadvakasova
Performer
COMPOSITION & LYRICS
Ш.Қалдаяқов
Songwriter
Т. Айбергенов
Songwriter

Texty

Есімде гүл терген кез көктем еді
Есті қыз ер жігітті жек көре ме?!
Қапысыз, қайырылмастай, құлай сүйсең
Құрбы жан, құр бекерге өкпелеме!
Батырым - баяндым, ақ көңіл - аяулым
Дарқан той - базарлым, ақсұнқарым!
Аяла гүліңді, ұмытпа үніңді
Бір жырла жырыңды, ақсұнқарым!
Екі дос қаздай, жадырап жаздай
Жұбыңды жазбай, жақсы жар!
Тыңда да бірге, шыңда да бірге
Сында да бірге ақсұнқар, ақсұнқар
Жаным-ау, мен қалайша жатсынамын?
Жан-жүрек бір өзіңе тапсырарым
'Сіз' деген әзіл сөзден шошып қалсаң
Сен менің баяғыша ақсұнқарым!
Батырым - баяндым, ақ көңіл - аяулым
Дарқан той - базарлым, ақсұнқарым!
Аяла гүліңді, ұмытпа үніңді
Бір жырла жырыңды, ақсұнқарым!
Екі дос қаздай, жадырап жаздай
Жұбыңды жазбай, жақсы жар!
Тыңда да бірге, шыңда да бірге
Сында да бірге ақсұнқар, ақсұнқар
Екі дос қаздай, жадырап жаздай
Жұбыңды жазбай, жақсы жар!
Тыңда да бірге, шыңда да бірге
Сында да бірге ақсұнқар, ақсұнқар
Written by: Т. Айбергенов, Ш.Қалдаяқов
instagramSharePathic_arrow_out