Kredity
PERFORMING ARTISTS
Ұлмекен Бегалиева
Performer
COMPOSITION & LYRICS
Асылбек Ысқақов
Composer
Назерке Семей
Songwriter
Texty
Бағымның əдемі қызғалдағы
Тұрсың міне бізден ұзағалы, жан қызым.
Бөлек екен жолы қыз баланың
Қайтейін бұл жүрек сыздағанын, жан қызым
Қимайтыным болар заңдылық бір
Бара ғойшы, алда таң күліп тұр, жан қызым
Ата-анаңның берген бар тəлімін
Тəрбиесін бойда сақта гүлім, жан қызым, жан қызым.
Сен де таптың мəңгі қосағыңды, жан қызым
Қанаттандың бүгін, өз ұяңа бар, құсым.
Үлкендердің алып ақ батасын, алғысын
Бақытты бол, айым, бақытты бол, жан қызым!
"Қызың өссе, елдің көркі" деген
Қыз бақытын күллі ел тілеген, алтыным.
Отауына адал ана болғын,
Көрсетер тек үлгі, даналығын, жарқыным!Қолдай гөрсін сені Жаратқаным
Ата-анаңды жерге қаратпағын, алтыным.
Жарығысың енді серігіңнің
Нұрға бөле оның бар өмірін, əр күнін, əр күнін!
Written by: Асылбек Ысқақов, Назерке Семей