Nabízeno v

Kredity

PERFORMING ARTISTS
Ғашықтар дуэті
Performer
COMPOSITION & LYRICS
Есет Нұрбулат
Composer
Саят Рахымжан
Songwriter

Texty

Алғаш көргенімде сені, кенет,
Ой-санамды алды-ау сезім тербеп.
Сені тағдыр маған сыйлады деп,
Тынышталды жүрек.
Біз екеуміз жүрген жол ұштасып,
Өтейікші бірге, қол ұстасып.
Тау мен асқардан,
Биік аспаннан,
Кетейікші асып.
Махаббатпен,
Жүрек есігін саған ашқан,
Ерекше сезім бізді қосқан.
Әрбір таңым да,
Жоғым, барым да.
Сенің жаныңда бәрі басқа.
Ешкім болмайды сенен асқан,
Өзің барыңда бұлтсыз аспан,
Менің жаным да,
Ішкі жалын да,
Сенің жаныңда бәрі басқа.
Мені аяласа алақаның,
Саған жылуымды таратамын.
Көкте тұрған қалқып күн жүзін де,
Бізге қаратамын.
Біз екеуміз жүрген жол ұштасып,
Өтейікші бірге, қол ұстасып.
Тау мен асқардан,
Биік аспаннан,
Кетейікші асып.
Махаббатпен.
Махаббатпен,
Жүрек есігін саған ашқан,
Ерекше сезім бізді қосқан.
Әрбір таңым да,
Жоғым, барым да.
Сенің жаныңда бәрі басқа.
Ешкім болмайды сенен асқан,
Өзің барыңда бұлтсыз аспан,
Менің жаным да,
Ішкі жалын да,
Сенің жаныңда бәрі басқа.
Тәңірімнен сұрадым сендей жанды,
Өмір өзіңмен бірге мәнді.
Жүрек өзің деп соқсын мәңгі,
Бірге салайық сезім-әнді.
Жүрек есігін саған ашқан,
Ерекше сезім бізді қосқан.
Әрбір таңым да,
Жоғым, барым да.
Сенің жаныңда бәрі басқа.
Ешкім болмайды сенен асқан,
Өзің барыңда бұлтсыз аспан,
Менің жаным да,
Ішкі жалын да,
Сенің жаныңда бәрі басқа.
Written by: Есет Нұрбулат, Саят Рахымжан
instagramSharePathic_arrow_out