album cover
Мен Қазақпын
149,692
Pop
Мен Қазақпын was released on July 29, 2017 by AGUGAI as a part of the album Мен Қазақпын - Single
album cover
Release DateJuly 29, 2017
LabelAGUGAI
Melodicness
Acousticness
Valence
Danceability
Energy
BPM123

Music Video

Music Video

Credits

PERFORMING ARTISTS
Қуандық Рахым
Performer
COMPOSITION & LYRICS
Жарасхан Толебай
Composer
Нұржан Өмірбай
Songwriter

Lyrics

Қазақ болып, тумағанда нетер ем?
Бұл жалғаннан бақыт таппай өтер ем
Желдей жүйрік жылқы мінбей жалғанда
Аламанда ат оздырмай кетерем
Қазақ болып, тумағанда нетер ем?
Өкінішпен өртенер ем өте мен
Қасиетті домбыраны қолға алмай
Қоңыр үнді әуелетпей кетер ем
Мен қазақпын, бойымдағы қан — қазақ
Мен қазақпын, мен шырқайтын ән — қазақ
Бір қазақтың бақыты мен бағына
Барша үнімен қуанса екен бар қазақ
Мен қазақпын, түрім — қазақ, тіл — қазақ
Мен қазақпын, мен айтатын жыр — қазақ
Сүйеу болсын, тіреу болсын мың қазақ
Сүрінгенде, бүлінгенде бір қазақ
Қазақ болып тумағанда нетер ем?
Қалай басқа байрақтарды көтерем?
Жеті бірдей қазынамнан айрылып
Жеті атамды жаттай алмай кетер ем
Қазақ болып тумағанда нетер ем?
Қонақжайлық жайын білмей өтер ем
Қымыз, шұбат, қазы-қарта, құрт майсыз
Қадір қашып қарным ашып өтер ем
Мен қазақпын, бойымдағы қан — қазақ
Мен қазақпын, мен шырқайтын ән — қазақ
Бір қазақтың бақыты мен бағына
Барша үнімен қуанса екен бар қазақ
Мен қазақпын, түрім — қазақ, тіл — қазақ
Мен қазақпын, мен айтатын жыр — қазақ
Сүйеу болсын, тіреу болсын мың қазақ
Сүрінгенде, бүлінгенде бір қазақ, бір қазақ
Сүйеу болсын, тіреу болсын мың қазақ
Сүрінгенде, бүлінгенде бір қазақ
Мен қазақпын, бойымдағы қан — қазақ
Мен қазақпын, мен шырқайтын ән — қазақ
Бір қазақтың бақыты мен бағына
Барша үнімен қуанса екен бар қазақ
Мен қазақпын, түрім — қазақ, тіл — қазақ
Мен қазақпын, мен айтатын жыр — қазақ
Сүйеу болсын, тіреу болсын мың қазақ
Сүрінгенде, бүлінгенде бір қазақ
Мен қазақпын, бойымдағы қан — қазақ
Мен қазақпын, мен шырқайтын ән — қазақ
Бір қазақтың бақыты мен бағына
Барша үнімен қуанса екен бар қазақ
Мен қазақпын, түрім — қазақ, тіл — қазақ
Мен қазақпын, мен айтатын жыр — қазақ
Сүйеу болсын, тіреу болсын мың қазақ
Сүрінгенде, бүлінгенде бір қазақ, бір қазақ
Сүйеу болсын, тіреу болсын мың қазақ
Сүрінгенде, бүлінгенде бір қазақ
Written by: Жарасхан Толебай, Нұржан Өмірбай
instagramSharePathic_arrow_out􀆄 copy􀐅􀋲

Loading...