Featured In

Credits

PERFORMING ARTISTS
Diana Sharapova
Diana Sharapova
Performer
COMPOSITION & LYRICS
Жуханова Марина
Songwriter

Lyrics

Ақ тілекке қосқан үнін әрбір жан,
Жаңа Жылда арайланып атар таң.
Ғажайып ертекке елітер
Бұл мерекеміз әсем сазға ұласқан.
Жақсылықтың жаршысы,
Нұр – шуағың тасысын!
Жаңа Жылым жасампаз
Жомарттығың жасасын!
Ескі жылым есіркеп,
Шырғалаңды әкетсін.
Жаңа Жылдың төрінде
Қауышқанға не жетсін?!
Жаңа жыл, Жаңа жыл
Құшақ жаяды.
Жаңа ән, жаңа жыр
Болсын баянды.
Жүрекке шапағат,
Жылулық ұялатар
Шыркайық, кел, әнді!
Ақтарайық әнменен көңіл сырын,
Пейіліне тарту етсін күй – жырын.
Махаббат сезімге бөлеген
Құт мерекеміз өмірге төккен нұрын.
Көңілі пәк, шырайлы
Ұл - қыздарым қандай - ды?!
Жаңа думан шуақты
Күйге бөлер маңайды.
Алдымыздан күлді арман,
Бұл думаннан сен қалман!
Махаббатты жырлайық,
Мәңгі болсын ел аман!
Written by: Жуханова Марина
instagramSharePathic_arrow_out