Credits
PERFORMING ARTISTS
Batyr
Performer
COMPOSITION & LYRICS
Еркен Ынтықбаев
Songwriter
Б. Тәжібаев
Songwriter
Lyrics
Жылуын жүрегінің аямаған
Сенсің ғой маған пана аяулы анам
Жайқалған жапырағы бәйтерексің
Балаңмын көлеңкеңді саялаған
Тербетіп мені қостың ән-күйіңе
Аялап көкірегіңнің сәнді үніңе
Әлемнің бар асылы балаң үшін
Жетер ме жалғыз сенің әлдиіңе
Мен сенің құлыныңмын жетелеген
Құлдырап қайта тартсаң кете берем
Анажан ақ сүтіңді өтер ме екем
Қайда да балаң саған еркелеген
Тербетіп мені қостың ән-күйіңе
Аялап көкірегіңнің сәнді үніңе
Әлемнің бар асылы балаң үшін
Жетер ме жалғыз сенің әлдиіңе
Written by: Б. Тәжібаев, Еркен Ынтықбаев