Letras
Есімде шаттық үндер,
Бақытын тапты кімдер?
Бір жүрген қоңыр күзде,
Қайда сол тәтті күндер?
Жанымда жасын көктем,
Жанарың жалын төккен.
Өмірге өзің келген,
Жоқ жаным менің өкпем.
Арманым айда,
Жүрсің сен қайда?
Дәл мендей сенде ойла.
Қиялдап жайна,
Сезімге бойла,
Тек мені жаным ойла.
Сағыныш солқылдады
Ұмытпай сол күнді әлі.
Қосылып жылап жатыр,
Теңіздің толқындары.
Өзің боп жаным жеткен
Ақ самал есіп өткен.
Өзіңнен хат күтемін,
Ғашықтай есі кеткен
Written by: Ерлан Орынбасаров, Нагүл Бердіқожа