Video musical

Ата-анаң бар байлығың
Mira Ата-анаң бар байлығың en YouTube

Créditos

ARTISTAS INTÉRPRETES
Азимбек Байлин
Intérprete
COMPOSICIÓN Y LETRA
Берік Тәжібаев
Composición
Мөлдір Айтбай
Letrista

Letra

Бейнет кешкен сен үшін
Ата-анаң табылмайды.
Алған адам тәлімін
Өмірде жаңылмайды.
Саған өмір сыйлаған
Сыйлай біл ата-ананы.
Бар бақыттың бастауы
Солардың баталары
Жанарында ананың
Мейірім бұлағы бар
Табанында ананың
Екі әлем жұмағы бар.
Қалауында әкенің
Өмірдің ұраны бар.
Қабағында әкенің
Бақыттың тұрағы бар!
Анаң тұрса күлімдеп-
Қолыңда бар байлығың.
Кірлетпейік адамдар
Ананың ақ жаулығын.
Орындаған екі етпей
Перзенттің бар қалауын.
Құлатпайық адамдар
Әкенің ар жалауын!
Written by: Берік Тәжібаев, Мөлдір Айтбай
instagramSharePathic_arrow_out