Canciones más populares de Darkhan & Ali
Canciones similares
Créditos
ARTISTAS INTÉRPRETES
Darkhan & Ali
Intérprete
COMPOSICIÓN Y LETRA
Атаев Бахыт
Letrista
Алишев Руслан
Composición
Жунусов Бiржан
Composición
Шауенов Алиулла
Letrista
Байғожаев Дархан
Letrista
Letra
Елім аман болсын дедім
Жерім аман болсын дедім
Үйім тыныш болсын дедім
Сол үшін мен осында келдім.
Сарбаз болу бір сын,
Тарылып тынысым,
Сағыну үйімді
Қазіргі мына менің жұмысым.
Рота подъем,
Рота отбой,
Қанша күнің қалды
Айтшы маған родной.
Тек алға бас,
Шагом марш
Ешқашан берілме
Шаршама сарбаз!
Еліңнің үміті
Еліңнің қорғаны.
Жүргенің күні-түн
Жемісі болады.
Егемен елімді
Қорғайтын мен болам.
Өйткені бабамыз
Қалдырған кең далам.
Сен кетіп мен қалам
Туылды бір балаң.
Қорғайтын елімді
Жиналды мың балаң.
Байтақ бұл еліме
Төнбесін жамандық.
Антыма адалдық
Жігіт боп жаралдық!
Сарбаз болу бір сын,
Тарылып тынысым,
Сағыну үйімді
Қазіргі мына менің жұмысым.
Сағынып ауылды,
Бір туған бауырды,
Өзіңе жете алмай
Жүрегім ауырды.
Жетпейді кәдімгі,
Шынымен бәріңді,
Сендерге арнаймын
Сағынтқан әнімді.
Ештеңе жетпейді,
Есімнен кетпейді,
Сендерге сағыныш
Ешқашан бітпейді.
Балалық бал шағым
Өтті бір өзіңде,
Ұзын бір көшеңде
Ойнадым кезінде.
Сарбаз болу бір сын,
Тарылып тынысым,
Сағыну үйімді
Қазіргі мына менің жұмысым.
Written by: Алишев Руслан, Атаев Бахыт, Байғожаев Дархан, Жунусов Бiржан, Шауенов Алиулла