Video musical

Video musical

Créditos

Artistas intérpretes
Нұрлан Сағынай
Intérprete
Шаба Әденқұлқызы
Intérprete
COMPOSICIÓN Y LETRA
Тұманбай Молдағалиев
Autoría
Теміржан Базарбаев
Autoría

Letra

Көк жүзінде барады қаздар қайтып,
Күндер солай өтеді шалқып, шалқып.
Сағыныш қой,
Сағыныш қой,
Сарала жапырақтар,
Жақсылықтың жолында
Жатқан балқып.
Ақ қайыңдар қалады дір-дір етіп,
Жанымызды бір кезде күлдіретін.
Жазғы бақта,
Жазғы бақта,
Саулайды жапырақтар,
Өз өмірін соңғы рет
Бір жыр етіп.
Жайнап тұрған кешегі күн ескіріп,
Қара суық хабары тұр естіліп.
Қаздар ұшып,
Қаздар ұшып,
Барады оралмайтын,
Қанатына
Көктемді ілестіріп.
Written by: Теміржан Базарбаев, Тұманбай Молдағалиев
instagramSharePathic_arrow_out

Loading...