Video musical

Роза РЫМБАЕВА - Желсіз түнде жарық ай (альбом "Әнім Аққу")
Mira Роза РЫМБАЕВА - Желсіз түнде жарық ай (альбом "Әнім Аққу") en YouTube

Créditos

ARTISTAS INTÉRPRETES
Роза Рымбаева
Intérprete
COMPOSICIÓN Y LETRA
Абай Кунанбаев
Letrista

Letra

Желсіз түнде жарық ай
Сәулесі суда дірілдеп
Ауылдың, жаны — терең сай
Тасыған өзен күрілдеп
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі
Көрінбей жердің топырағы
Құлпырған жасыл жер жүзі
Тау жаңғырығып, ән қосып
Үрген ит пен айтаққа
Келмеп пе едің жол тосып
Жолығуға аулаққа?
Таймаңдамай тамылжып
Бір суынып, бір ысып
Дем ала алмай дамыл қып
Елең қағып, бос шошып
Сөз айта алмай бөгелiп
Дүрсіл қағып жүрегі
Тұрмап па еді сүйеніп
Тамаққа кіріп иегі
Written by: Абай Кунанбаев
instagramSharePathic_arrow_out