Créditos

ARTISTAS INTÉRPRETES
Роза Рымбаева
Intérprete
COMPOSICIÓN Y LETRA
Тағат Сарыбаев
Composición
Marhaba Sabi
Marhaba Sabi
Letrista

Letra

Көңілім бар, мәңгі жас,
Уақытқа бағынбаған,
Жүрегім бар өнер деп,
Қашанда жалындаған,
Жолығып дауылды күндерге кезіксемде қиын кездерге,
Сенімім менің ешқашанда жоғалмаған. Өз жолым бар адаспай жол тауып жүріп келем,
Күресіп тек өзіммен,
Өзімді жеңіп келем,
Күтемін күн шуақ көктемді,
Оранған көкорай бөктерді,
Күтемін асыға ән толы кештерді.
Өмір өзені талмай ағады,
Қош айтысып қол бұлғап өткен күндерге,
Жаңа таңды карсы аламын
Өмір өзені талмай ағады,
Әрбір батқан бұлт жаңбырлы түннен кейін,
Күлімдеген жаңа күн шығады!
Жақсыны тек суйсініп,
көруге құмар жаным,
Жүректермен арманшыл егізбін,
сыңар әнім,
Өмірдің қысымен жаздарын, Көктемімен күзін жырладым, Жырладым өмірдің сөнбес шырағын!
Өмір өзені талмай ағады,
Қош айтысып қол бұлғап өткен күндерге,
Жаңа таңды карсы аламын
Өмір өзені талмай ағады,
Әрбір батқан бұлт жаңбырлы түннен кейін,
Күлімдеген жаңа күн шығады!
Written by: Marhaba Sabi, Тағат Сарыбаев
instagramSharePathic_arrow_out