Canciones más populares de Ғабит Шырынбеков
Créditos
ARTISTAS INTÉRPRETES
Ғабит Шырынбеков
Intérprete
COMPOSICIÓN Y LETRA
Ғабит Шырынбеков
Composición
Әли Бектаевтың
Letrista
Letra
Бабалар өткен, азулы бәрі
Айбыны биік, асқарлы
Тағдырыңдағы жазудың бәрі
Сен туған күннен басталған
Ту қылып көкке көтерді мені
Келтірме енді-ей жаман ат
Бабамнан қалған қазақтың жері
Аманат саған, аманат
Батырлар тіккен - ерліктің туы
Ұлы арманға байланған
Даналар тіккен - елдіктің туы
Шындыққа бүгін айналған
Қасиет қонған киелі бұл ел
Тал бесік саған таңдаулы ел
Аллаға басын иеді бұл ел
Бабалар жолын жалғаумен
Еліңнен биік тұғырда болмас
Көпшілік болсын жақтасың
Халықтан бөлек ғұмырда болмас
Ашық қой пейіл қақпасы
Болмағың қалқам алыптың құлы
Дәулетке ғана көз қалап
Кім бола білсе халықтың ұлы
Ту етіп алар өздері-ақ!
Кім бола білсе халықтың ұлы
Ту етіп алар өздері-ақ!
Written by: Ғабит Шырынбеков, Әли Бектаевтың