Video musical

Көздеріңе ғашықпын
Mira Көздеріңе ғашықпын en YouTube

Incluido en

Créditos

ARTISTAS INTÉRPRETES
Ғани Мәтебаев
Intérprete
COMPOSICIÓN Y LETRA
әні Е.Әбдіхалықова
Letrista
сөзі Ұ.Есдәулет
Letrista

Letra

Жұмып кейде жанарымды нұр сіңген,
Сырласқанда арман атты тылсыммен.
Ту сыртымнан үп еткенде самал жел,
Елеңдеймін, сен шығар деп күрсінген.
Ғашық жанның басындағы хал бөлек,
Ғашық жанды әлдилейтін ән керек.
Жаңбыр жауса, тырсылынан оянам,
Іздеп келіп, есік қаққан сен бе деп?!
Қашан болсын қайғы көрмей жүр аман,
Мен тағдырдан басқа тілек сұраман.
Күн астында күмбірлесе күміс су,
Сенің күлкің естілгендей қуанам.
Өмір деген өте шығар өткінші,
Аз ғұмырда көп қуанып, көп күлші.
Маған ұқсап аспандағы Ай мен Күн,
Көздеріңе ғашық болып өтсінші.
Written by: сөзі Ұ.Есдәулет, әні Е.Әбдіхалықова
instagramSharePathic_arrow_out