Canciones más populares de Мәлік Жамбылұлы
Canciones similares
Créditos
ARTISTAS INTÉRPRETES
Мәлік Жамбылұлы
Intérprete
COMPOSICIÓN Y LETRA
Мәлік Жамбылұлы
Composición
Мирас Асан
Letrista
Letra
Әндер ойнап таспада,
Вечер жасап дос бала,
Бас ауыртпас кездер-ай
Махабаттан басқаға.
Қазір көзден жас тама,
Сағынамыз масқара.
Орны бөлек жастық шақ,
Орта жолда тастама!
Кетпе, кетпе, жастығым!
Есейіппіз рас бүгін.
Оралмайсың қайтадан,
Орыныңды басты кім?
Көше, көше, топ бала,
Сұлу кетті, оппана.
Айтуға сөз таппайды,
Ғашық жүрек оқтала.
Бормен жазған тақтаға,
Өмір деген - ақ-қара.
Еріп кетті, ерке қыз,
Біз жасаған аққала.
Written by: Мирас Асан, Мәлік Жамбылұлы