Crédits

INTERPRÉTATION
Дулат Жасұзақ
Interprète
COMPOSITION ET PAROLES
ӘБЕН ШАЛҚАРБАЕВ
Composition
Бақытжан Әліқұлов
Paroles/Composition

Paroles

Табысыпты жүрекпен жан-сырларың
Таусылмасын жарасып дәм тұздарың
​ Бет бұрған соң баянды болашаққа
Жарқырасын биіктен жұлдыздарың
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Қайырмасы
Бірге татып бақыттың бастауынан
Бірге асыңдар арманның асқарынан
Махаббаттың маздатып отын мәңгі
Өткізіңдер өмірді шат-шадыман
​​ ​
Бір-бірінің құп алған жан-жылуын
Жарасып ақ махаббат мәңгілігің
Тағдырыңнан татқан соң балды бүгін
Бір дауысқа қостыңдар әнді бүгін
​​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Қайырмасы
Қос аққудай қалқыған көлде тұнық
​Сезімдерден сан алуан сең кошіріп
Жаз күніңдей жадырап жүріңдерші
Толқынында тірліктің тербетілі
Written by: Бақытжан Әліқұлов, ӘБЕН ШАЛҚАРБАЕВ
instagramSharePathic_arrow_out