Crédits
INTERPRÉTATION
ALHAM
Interprète
COMPOSITION ET PAROLES
Сатыпалды Мағзам Сисенбайұлы
Paroles/Composition
Paroles
Жүрек тұман, тұман толы күмәндар,
Сен кеткелі қалыңдады тұманда.
Қалай отбасылық өмірің.
Қалай өмір сүріп жатсыңдар?
Аспан жаңбырлы,төкті жастарын,
Есігін қағып тұр жүрегіңнің, ашпадың.
Басқамен басқаша өмірді бастадың,
Маған берген уаделеріңді де тастадың.
Қолыңда жүзік, басыңда орамалың,
Қаламадым, шынында қаламадым.
Қаламадым шынында, қаламадым,
Ең соңғы рет, бұрылыпта қарамадың.
Кеттің ұзатылып ыстық ұяңнан,
Бойыңды аулақ ұста, әртүрлі қиялдан.
Келіп тұр хабар алып, егер сағынсаң,
Ыстық ұяға, күнім ыстық ұяңнан.
Хал жағдайы қалай, көңіл күйіңнің,
Ерке қызы едің, туған үйіңнің.
Бұл саған жазылған, соңғы түйінім,
Қош бол гүлім, бекерге қиылдың.
Қолыңда жүзік, басыңда орамалың,
Қаламадым, шынында қаламадым.
Қаламадым шынында, қаламадым,
Ең соңғы рет, бұрылыпта қарамадың.
Written by: Сатыпалды Мағзам Сисенбайұлы