Clip vidéo
Clip vidéo
Crédits
INTERPRÉTATION
Елбол Қуанбек
Interprète
COMPOSITION ET PAROLES
Алпысбек Оңайбайұлы
Composition
Данияр Алдаберген
Paroles/Composition
Paroles
Күйін кештім мен бүгін
Көкбөрілердің жаралы.
Адым сайын аңдыған
Қақпаннан сирақ қанады.
Арландарым атылып
Бөртелер кезді даланы.
Айналамның барлығы
Шибөрі болып барады.
Тексіз иттің күшігі
Қойдай боп жүннен қырқылды.
Бөрібасар дегендер
Сырғалы болып құртылды.
Бөлтірігім, сақ болшы
Заман келсе де мың түрлі.
Сыпырғанмен терімді
Сыпырмас ешкім рухымды!
Өңкей зұлым-зымиян
Қара орманның қақпасы
Қара жерде шыңғыртар
Жонынан тілген таспасы.
Тұлпар етпес есекті
Маңдайға жаққан қасқасы.
Сандуғаштай сайрады
Абадандардан басқасы.
Өзекті өртеп барады,
Құлаққа жеткен мұңы үйдің.
Өткеніме қарасам
Көкжалдарды ойлап жылимын.
Жер бетінен өр болып
Тістесіп қана құримын.
Оянар деп тағылар
Орманға қарап ұлимын!
Written by: Алпысбек Оңайбайұлы, Данияр Алдаберген
