Clip vidéo
Clip vidéo
Crédits
INTERPRÉTATION
Динара Алжан
Interprète
COMPOSITION ET PAROLES
Мұқағали Мақатаев
Paroles/Composition
Болат Есмұханов
Paroles/Composition
Paroles
Жалт етеді бір үміт тайып беріп,
Жалынамын жанымды жайып көріп,
Қаным сыймай барады арнасына
Қосылғандай Ілеге Жайық келіп.
Жарығым-ай,
Тұман торлап жүзіңе қалғанын-ай,
Деуші еді ғой жалғыздың жары Құдай
Неге таси береді қаным ұдай, Жарығым-ай!
Қосылғандай екі өзен тасығанда
Таңғалмаймын жағаға асылам да,
Шыңыраудан шыға алмай шыдам кетіп,
Тағдырыма шынымен бас ұрам ба?
Қорқып тұрам орнымнан, қорқып жатып,
Толқын кетіп барады толқындатып,
Бәрі келіп тоғысып жүрегімнің
Жағалауын тебеді солқылдатып.
Written by: Болат Есмұханов, Мұқағали Мақатаев


