Clip vidéo

Мәди Ахметқожа-Жүректерден орын алған жаңа ән 2023 “Қалай айтам жүрекке?!❤️
Regardez Мәди Ахметқожа-Жүректерден орын алған жаңа ән 2023 “Қалай айтам жүрекке?!❤️ sur YouTube

Apparaît dans

Crédits

INTERPRÉTATION
Мәди Ахметқожа
Interprète
COMPOSITION ET PAROLES
Жарасхан Төлебай
Composition
Мұқағали Сейтқазы
Paroles/Composition

Paroles

Өткен күннен қымбат бар ма жалғанда?,
Өмір өзі - бір қуаныш, бір өкпе.
Сағыныштың әнін тыңдап таңдарда,
Сағынба деп қалай айтам жүрекке?!
Тәтті сезім тұншығады жасырған,
Тағдыр қашан құлақ асты тілекке?.
Іздегенмен табылмайды қасыңнан,
Іздеме деп қалай айтам жүрекке?!
Ертеңгі күн төксін деймін жарығын,
Екеуміз де қалмайықшы түнекте.
Аңсағанмен, ақыр соңы тағы мұң,
Аңсама деп қалай айтам жүрекке?!
Арамызда қалды, жаным, сыр қандай?,
Қылығыңды ұнатамын тым ерке.
...Әр дүрсілі атыңды айтып тұрғандай,
Соқпай қал деп қалай айтам жүрекке?!
(Тоқтап қал деп қалай айтам жүрекке?!!)
Адастырды махаббатың өткелі,
Ғашықтардың жолы басқа бола ма?!
Ұмытудың қиын болып кеткені,
Ұмытылмас сәттер ойға қонама
Written by: Жарасхан Төлебай, Мұқағали Сейтқазы
instagramSharePathic_arrow_out