Crédits

INTERPRÉTATION
Айжарықұлы Күмісбек
Interprète
COMPOSITION ET PAROLES
Нұртуған Жаңабай
Composition
Айдар Сайлауов
Paroles/Composition

Paroles

Ана,
Құлақ түрші құлыныңның әніне,
Әке,
Атыңды мен ұлықтаймын әлі де,
Сәредегі жұлдыздардың сәулесі,
Ұқсайтындай сағыныштың дәміне.
Ата-ананың мейірімі таралған,
Күн сәулесі түскен жердің бәріне.
Барым,
Сіздер барда мен қалайша жасимын.
Бағым,
Сіздерді ойлап қос жанарға жас үйдім.
Бесігінде тербелгенде теңіз ой,
Толқығанда толқын сынды тасимын.
Ана деген құдыретке сыйынып,
Әке деген қасиетке бас идім.
Әке,
Нар есімің нәркес ойда дара тұр,
Ана,
Пана болған бізге қайсар қанатың.
Кіндігімді кескен күні ғашық боп,
Әңгәләсам тербелетіп дала тұр.
Айналасын шуағына бөлеген,
"Айналайын" дегеніңіз Ана тіл.
Written by: Айдар Сайлауов, Нұртуған Жаңабай
instagramSharePathic_arrow_out

Loading...