Paroles

Бұрынғыдай күнде гүл бермей,
Жұмысымнан кейде үлгермей.
Сағындырсам үйге түн келмей,
Күдікпен қарама.
Кейде кетіп бауыр-достарға,
Мейлі қала-ауыл ассам да,
Ойымда тек жаным қашан да,
Сен ғана,сен ғана.
Жүрегімді тербеген,
Тілегіңе сенген ем.
Жүрегіңнен мен деген,
Айналдым,айналдым.
Сезім оты сөнбеген,
Жан-жарасын емдеген.
Жанарыңа мен терең ,
Байландым,байландым.
Алаңдаймын сенің жоғыңа,
Қарайлаймын күтіп жолыңа.
Келгеніңше түсем сағына,
Сен үшін күйге мың.
Күдіктеніп қайтем,сенемін.
Үмітпенен еріп келемін.
Сенгенімнің жалғыз себебі,
Сені шын сүйгеім
Written by: Ерлан Орынбасаров, Қуаныш Жаманқұлов
instagramSharePathic_arrow_out

Loading...