Dari
PERFORMING ARTISTS
Нұрсұлтан Төлеубай
Performer
COMPOSITION & LYRICS
Абдіқұл Сағи
Songwriter
Lirik
Бақытқа жасап жол жалғыз
Жасамай ұрыс қолдан біз
Тоқтардай көрші қызына
Біздерде ғашық болғанбыз
Алмадай тәтті піскен қыз
Қарата алмаймыз күшпен біз
Маралбек көкем айтқандай
Аузынан айдың түскен қыз
Іздеймін көлдің тұнығын
Іздеймін қыздан қылығын
Іздеумен өтіп барады
Құс қанат менің ғұмырым
Толғанып талай толғаттым
Мен қалай Шәмші болмақпын
Ән жазам бірақ атамдай
Дүнгенге ғашық болмаппын
Алмадай тәтті піскен қыз
Қарата алмаймыз күшпен біз
Маралбек көкем айтқандай
Аузынан айдың түскен қыз
Арнаймын елге жырымды
Жаңылмай салттан бұрыңғы
Мен сүйген жалғыз аруым
Қазақтың қыз бұрымды
Written by: Абдіқұл Сағи