I successi di Ринат Малцагов
Crediti
PERFORMING ARTISTS
Ринат Малцагов
Performer
COMPOSITION & LYRICS
Ринат Малцагов
Songwriter
Мұқан Абдуқасым
Songwriter
Testi
Еркелетіп,қолыма алып
Иіскейінші құмарланып
Атаң менен ақ əжеңнен сұрап алып.
Сүйіп алсам маңдайыңнан
Бал кетпейді таңдайымнан
Тəңір берген айналайын айдай ұлдан.
Үнің жұмсақ ,тілің шырын, дəрумен тəтті сөздерің
Үмітімнің қос шырағы көздерің
Тəй тəй бас құлыншағым.
Ақ қанат тұңғыш əнім
Кішкентай ізбасарым
Келе ғой, кел, құшамын
Сүрінбе құлыншағым
Сарқылмайтын шəрбатымсың
Қолғанатым,сен -батырсың
Қадамдарың тəй-тəй басқан нұрға толсын.
Ақылдымсың, тау төбелім
Қылығыңа емірендім
Аумай қалған тек өзімнен бал бөбегім.
Тəй тəй бас құлыншағым.
Ақ қанат тұңғыш əнім
Кішкентай ізбасарым
Келе ғой, кел, құшамын
Сүрінбе құлыншағым
Written by: Мұқан Абдуқасым, Ринат Малцагов