Video musicale

Video musicale

Testi

Мен сен сұрасаң көк аспанның ай күнін
Көтеріп келер ем.
Табаныңа бар әлемнің байлығын
Әкеліп төгер ем.
Жоқты да табайын, оқты да қағайын,
Бір ауыз сөзің, қаласаң.
Жақұтта тағармын, бақытты адаммын
Мен керегіңе жарасам.
Сыңарым болшы, бір әнім болшы
Сандуғаш шырқап көкке алып қалатын.
Тұмарым болшы, шырағым болшы
Қараңғы жолдарыма жарық шашатын.
Егер сені өкпелетсе бір адам,
Ол менің дұшпаным.
Сеземін, екеуімізді құраған,
Ерекше күш барын.
Сүйсініп қараймын, бағыма балаймын.
Жүзіңе тұнған тәтті арай.
Әуелі өзіңді, сонан соң сезімді
Тіл менен көзден сақтағай.
Written by: Ринат Зайытов
instagramSharePathic_arrow_out

Loading...