Алтынай Жорабаева의 상위 곡
유사한 곡
크레딧
실연 아티스트
Алтынай Жорабаева
실연자
작곡 및 작사
Шәмші Қалдаяқов
작곡가
Мұхтар Шаханов
송라이터
가사
Біз екеуміз бәйшешектей ерте гүлдедік,
Қол ұстасып бақыт жырын шертеміз дедік.
Қарсы жүріп үйренсек те қар мен жаңбырға,
Бірақ қарсы тұра алмадық асау тағдырға.
Жылдар, өмірдің өзеніне, ағады кезегімен,
Сенсің көңіл ашық, менің ғашық ғасырым.
Ертеде де кеште, тұрасың сен есте,
Мен өшсем де өшпе, асылым.
Алуан гүлдер шуақ шашты бүгін бақшамда,
Қызғанбаймын басқа ошақтың отын жақсаң да.
Өмір мынау бақ пен қайғы күнде жарысқан,
Ақ тілекпен қол бұлғайсың әркез алыстан.
Жалғыз аққу таудан асып қайтып барады,
Сағынышын әнге қосып айтып барады.
Сол ерке құс мұңын жалғап ерте көктемге,
Мені есіңе ал ауылыңнан ұшып өткенде.
Written by: Мұхтар Шаханов, Шәмші Қалдаяқов