Ринат Шамшырақ의 상위 곡
유사한 곡
크레딧
실연 아티스트
Ринат Шамшырақ
실연자
작곡 및 작사
Үкітай Ерниязов
작곡가
Ақжол Түменбай
송라이터
가사
Бақытты бол дейсің бе, қандай тілек..?
Бақыт құсы басыңа қонбайды кеп.
Жүрегіңнің сыртына жазып қойшы,
Бөгде адам кіруге болмайды деп.
Қыз жүрегі сезімге толып тұрар.
Махаббатын Тәңірі жолықтырар.
Сен менің оң жақтағы жүрегімсің,
Жүрегіммен жарысып соғып тұрар.
Тағдырымды жеңейін,жеңілейін.
Жақсы көріп кетесің мені кейін.
Саған ғана баруға парыз болған,
Махаббаттың Меккесі менің үйім.
Махаббат бар махаббат талай қайғы,
Тағдыр бізді табады адаспайды
Бір жүрекке айналсақ бұл ғасырда
Екеумізге жалғыздық жараспайды
Written by: Ақжол Түменбай, Үкітай Ерниязов