Meirambek Besbayev의 상위 곡
크레딧
실연 아티스트
Meirambek Besbayev
실연자
작곡 및 작사
Асқар Жайлаубаев
작곡가
Серікзат Дүйсенғазы
송라이터
가사
Әлдиін айтып тербеткен
Тәрбие берген жөргектен
Анаңдай асыл адамды
Табарсың қалай жер-көктен?!
Қадірлеп аппақ жаулығын
Тағдырдың тартқан тау жүгін
Ауылда қалған анаңның
Білдің бе аман-саулығын?!
Кетсең де шалғай сан қырға
Бар өзіңді еске алдың ба
Жетелеп сені жеткізген
Анаңа қоңырау шалдың ба?
Жүзіңнен шуақ төгілген
Қиналсаң, көңілі сөгілген
“Жарығым”, “балапаным” деп
Елжіреп жаны егілген
Шекпесін десең сары уайым
“Қалай деп, мама, хал-жайың?”
Ауылда қалған анаңның
Білдің бе сұрап жағдайын?
Қарамай дауыл, жаңбырға
Өзіңді салған даңғылға
Арқалап жүріп өсірген
Анаңа қоңырау шалдың ба?
Қарамай дауыл, жаңбырға
Өзіңді салған даңғылға
Арқалап жүріп өсірген
Анаңа қоңырау шалдың ба?
Анаңа қоңырау шалдың ба?
Written by: Асқар Жайлаубаев, Серікзат Дүйсенғазы