Muziekvideo
Muziekvideo
Credits
PERFORMING ARTISTS
Серғазы Нұржанұлы
Performer
Айдана Кекентаева
Performer
COMPOSITION & LYRICS
Қанат Елікбаев
Composer
Бақытжан Әліқұлов
Songwriter
Songteksten
Артық болмас сен арайлы күн десем
Аппақ ай боп көрінесің бірде сен
Мен өзіңе қалғанымда кездеспей
Сұлулықтың не екенін білмес ем
Егер сені мөлдіреген жыр десем
Ең әдемі ұйқасың боп күн кешем
Махаббаттың бар екенін өмірде
Сезбес едім сен жанымда жүрмесең
Егер сені қырдағы әсем гүл десем
Мен көктемнің самалы боп тілдесем
Егерде сен теңіз болсаң тұңғиық
Сол теңіздің толқыны боп үндесем
Егер сені мөлдіреген жыр десем
Ең әдемі ұйқасың боп күн кешем
Махаббаттың бар екенін өмірде
Сезбес едім сен жанымда жүрмесең
Written by: Бақытжан Әліқұлов, Қанат Елікбаев