Dostępny w

Kredyty

PERFORMING ARTISTS
Aigerim Mamyrova
Aigerim Mamyrova
Performer
COMPOSITION & LYRICS
Данияр Сағынтаев
Composer
Аян Сейтов
Songwriter

Tekst Utworu

Өзің барда бұл ғаламда бармын мен
Бар болсам да таласым жоқ тағдырмен
Ұнатқанда ұмытардай болып ем
Ұмыта алмай ұмыта алмай қалдым мен
Сүю қиын оңай емес ұмыту
Жаның арың-бірі жалау,бірі ту
Қол ұстасар едім келсе қолыңнан
Жүрегімді жүрегіңмен жылыту
Өзің барда биіктен де биікпін
Өзің жоқта тұңғиықпын тұйықпын
Мен өзіңді тек өзіңнен өзгені
Сүймеу үшін сүймеу үшін сүйіппін
сүйіктімау сүймеу үшін сүйіппін
Өзің барда ойламаймын өзімді
Сезім барда сүйген жүрек төзімді
Әппақ таңда сені көріп оянып
Сені көріп ілсем болды көзімді
Қатар жүрміз бақ пен сор да қатар жүр
Бізді де ел бақытты деп атап жүр
Қатар жүріп бөлісерміз барлығын
Тек біздерді бөле көрме о тағдыр
Written by: Аян Сейтов, Данияр Сағынтаев
instagramSharePathic_arrow_out