Kredyty
PERFORMING ARTISTS
Гүлнұр Салбанова
Vocals
COMPOSITION & LYRICS
Аққу Байжігіт
Composer
Айсауле Бейсенхан
Songwriter
PRODUCTION & ENGINEERING
Aldiar Darkenbaev
Producer
Tekst Utworu
Жол қылып екі ел арасын,
Үйіңе кетіп барасың.
Ұзаттым қалқам өзіңдей,
Көзімнің ақ пен қарасын.
Ол жерде дархан далаң бар,
Ол жерде әке, анаң бар.
Ол жерде сүйген жарыңмен,
Аялап баптар панаң бар.
Ай, угай-ай әппақ қыз,
Қылығы бал тәтті ақ қыз.
Тәтті қызды ұзатып
Енді қайдан таппақпыз?
Әй угай угай әппақ қыз
Жолың болсын тәтті ақ қыз
Кеңейсін қалқам тынысың,
Көбейсін бауыр туысың.
Көңілің шалқып шаттанып,
Тасысын бағың,ырысың.
Келіп тұр туған жеріңе,
Келіп тұр төркін төріңе
Келіп тұр асыл жарыңмен,
Батасын берген еліңе
Ай, угай-ай әппақ қыз,
Қылығы бал тәтті ақ қыз.
Тәтті қызды ұзатып
Енді қайдан таппақпыз?
Әй угай угай әппақ қыз
Жолың болсын тәтті ақ қыз
Written by: Айсауле Бейсенхан, Аққу Байжігіт