Destacado em

Créditos

PERFORMING ARTISTS
Асанов Адлет
Performer
COMPOSITION & LYRICS
Альмира Аманбаева
Songwriter

Letra

Бақытсыз болу оңай.
Бақытты болу қиын.
Жүрегіме кел жаным,
Жүрегім сенің үйің.
Мұңайып қайтем күнім,
Солмайды менің гүлім.
Жүректің кілтін саған,
Ашамын бүгін бүгін.
Жүрегіме кел сені қамап алайын.
Мекендейік екеуміз бақыт сарайын.
Саған талай әнімді арнап алайын.
Арнап алайын.
Көздеріме кел сені жаттап алайын.
Барлық жаман айыптан ақтап алайын.
Жүрегіме өзіңді сақтап алайын.
Сақтап алайын.
Көздерің көркем нұрлы.
Жүрегім баяу ұрды.
Әмір жүрмейді деген,
Жүрекке әмір жүрді.
Қылықты сенің жүзің,
Тағамын саған жүзік.
Жүрегімнің бөлшегін,
Беремін саған үзіп.
Written by: Альмира Аманбаева
instagramSharePathic_arrow_out