Letra
Гүлдер,гүлдер,гүлдерден,
Ғашық болдым гүлге мен.
Сол гүлдердің ішінен,
Ғашығымды көрген ем.
Гүлім,гүлім, гүлімсің,
Неліктен сен сұлусың?
Жымиясың жай ғана,
Құлпырасың жайқала.
Көзбен көріп көңілмен,
Нәр аламын өзіңнен.
Жанып тұрған жалындай,
Айналайын көзіңнен.
Гүлің,гүлің, гүліңмін.
Сен іздеген сұлумын,
Жымиямын жай ғана,
Құлпырамын жайқала.
Жұпар исі аңқыған,
Тұла бойым балқыған.
Жұмағында сезімнің,
Махаббатым шалқыған.
Written by: Тілеуқабыл Орынбасаров

