Letra
Өмір бізге бір ақ келер көп келмес,
Ләззат лебі азаппенен өткелдес.
Шын махаббат,біле білсең, шырайлым.
Үйлену мен, үй болу мен шектелмес.
Сүмбiл сезiм, көңілімнің күйі асыл.
Сүймегенге қалай оны қиясың?!
Махаббат қарлығашың емес пе?!
Жүрегіңе сала тұғын ұясын.
Ардағым ау, айтқан сөзім ұнамай,
Алып жүрме алып жүрме күмән ой.
Шын махаббат ару аққу емес пе?!
Ол аққуға оқ атуға күнә ғой.
Written by: Исраил Сарапбаев