Слова
Бақыт пен таңың атар,
Уақыт пен күнің батар.
Біз үшін өмірдің заңы қатал.
Заңына бағыну мен,
Өткенді сағыну мен,
Бұл өмір, аңсау мен зарығу мен
Өтеді екен, бекер екен.
Арман ай, таңдар ай
Ағады өмір өзен.
Бес күндік жалған ай
Өтеді зулай шуақты сол бір кезең.
Аңдамай ағысыңды,
талайдың сағы сынды.
Тірлікте кірлетпе намысыңды.
Жастықтың жалынды әні,
Бұл күнде сағым бәрі,
Бағала бауырды жаныңдағы,
Көңіл қалған, өмір жалған.
Бридж:
Қайғы мен қуаныш алмасқан тірлігінде,
Өмірдің бағасы жалғасқан бірлігінде.
Written by: Талант Арынгали


