Создатели
ИСПОЛНИТЕЛИ
Әдемі-Ай дуэті
Исполнитель
МУЗЫКА И СЛОВА
Қанат Қалтай
Композитор
Рүстем Арсланов
Автор песен
Слова
Таңдарды сенсіз талай атырдым,
Күндерді сенсіз талай батырдым?
Шаршады жаным...
Мазалап кеудемде жалын!
Бір қала, екеумізде жол бөлек,
Бақытқа жүрміз бірақ құн төлеп.
Бөтен жандардай,
Бір-бірімізді байқамай...
Жүрегім де жүрегіңмен егіздей,
Жаным-ау сен сағынғанда мені ізде...
Сәуле боп тамшы,
Мөлдіреген көздерімнен...
Жүрегім де жүрегіңмен егіздей,
Сезім тасып саған деген теңіздей.
Биікте қалшы,
Еркелеткен сөздеріңмен...
Өзіңсіз неге уақыт өтпейді?
Өзіңе ешбір ғашық жетпейді.
Өртеніп, жанам,
Сен едің мен сүйген адам?..
Жолыңа көзім талды қараумен,
Сәттерді, сағаттарды санаумен.
Біздегі арман,
Қол бұлғап алыста қалған...
Written by: Рүстем Арсланов, Қанат Қалтай

