Top Songs By Күнсұлу Түрікпен
Credits
PERFORMING ARTISTS
Күнсұлу Түрікпен
Performer
COMPOSITION & LYRICS
Күнсұлу Түрікпен
Composer
Ботагөз Мұхидден
Songwriter
Lyrics
Мен сені күтіп өтем...
Аспаннан ай ауғанша,
Аппақ таң оянғанша,
Көкжиек кеңістігі
Қызылға боялғанша.
Мен сені күтіп өтем,
Түссем де отқа канша,
Тынысым тоқтағанша.
Сағаты ғұмырымның
Жүрегім соқпағанша.
Мен сені күтіп өтем..
Мейлі мың күзім келсе,
Елесің ізімде ерсе,
Сөнгенше соңғы үмітім,
Соңғы дем үзілгенше.
Мен сені күте берем...
Жаныма жылу берші,
Жүрекке тыным берші.
Тек кана өтінерім -
Ажалдан бұрын келші...
Written by: Ботагөз Мұхидден, Күнсұлу Түрікпен