Featured In

Credits

PERFORMING ARTISTS
Нұрбай Атамұрат
Performer
COMPOSITION & LYRICS
Мұхтар Шаханов
Songwriter

Lyrics

Асау өмір арнасында,
Шалқып сәби сезімменен.
Он жыл мектеп партасында,
Бірге отырдым өзіңменен.
Сездіруге батпадым да,
Бала махаббатымды.
Терезенің жақтауына,
Ойып жаздым атыңды.
Елес беріп келешегің,
Қимасыңа баладың ба?!
Қоштасарда неге сенің,
Жас толқыды жанарыңа.
Іңкәр еткен атар таңға,
Қош бол енді бала көктем.
Бізді алыс сапарларға,
Шақырады самолеттер…
Written by: Мұхтар Шаханов
instagramSharePathic_arrow_out