Music Video

ҰЛАНҒАСЫР ҚАМИ. "Лала гүл"
Watch ҰЛАНҒАСЫР ҚАМИ. "Лала гүл" on YouTube

Featured In

Credits

PERFORMING ARTISTS
Ұланғасыр Қами
Performer
COMPOSITION & LYRICS
Аманкелді Көшербаев
Composer
Мирас Асан
Songwriter

Lyrics

Гүл теріп баққа барған,
Сол тәтті шақтар арман,
Гүлімсің Лала менің,
Жырымсың жаттап алған.
Таң едің жарық нұрлы,
Ататын әппақ алдан...
Қоштастық Лала гүлім,
Қайдасың дара Күнім.
Қаратпай қоймаушы еді,
Қалам қас, қара бұрым.
Жеткізе алмадым ғой,
Жүректің саған үнін.
Бір көріп ұнатқан қыз,
Ұмытам сені қалай?
Жауапсыз сұрақтармыз,
Таба алмас жолын оңай,
Өтпейміз сынақтан біз,
Өйткені тағдыр солай?
Махаббат – мәңгі көктем,
Шашатын жаның арай,
Құстардай самғай кеткен,
Хаттар жоқ саған қарай.
Басыма қонбай кеткен,
Бақытым, қалың қалай?
Махаббат – мәңгі майдан,
Ататын таңсың айнам,
Өшпейтін жүрегімнен
Кетпейтін жансың ойдан.
Деп едім жаным Еркем
Баяным, болшы Ләйләм.
Қол жетпес болдың арман,
Сезімдер енді жалған.
Өтеді жүрек қалай,
Өткелсіз жолды қалған?
Сезімді қорғамадық,
Бүршігін енді жарған.
Written by: Аманкелді Көшербаев, Мирас Асан
instagramSharePathic_arrow_out