Credits
PERFORMING ARTISTS
Лаура Сабыр
Performer
COMPOSITION & LYRICS
Ерболат Досболатұлы
Composer
Рахат Әбдірахманов
Songwriter
Lyrics
Бағым әдемі,
Таңым әдемі
Түндерім жұлдыз моншақ тағынады
Күліп келетін
Үміт беретін
Ұнайды күндерімнің бәрі-бәрі!
Ғашықпын өмірге
Әр таңымнан шуақ теремін
Жағатын көңілге жақсыларды жақсы көремін
Тағдырым ұнайды
Ертеңгі күніме сенемін
Шуақты шырайлы мен өмірді жақсы көремін
Мен өмірді жақсы көремін!
Жаныма жылы
Әр күннің нұры
Осы өмір жүрегімнің таңдағаны
Жалыным барда
Жақыным барда
Бақытты күндерімнің алда бәрі-бәрі!
Written by: Ерболат Досболатұлы, Рахат Әбдірахманов