Top Songs By Мәлік Жамбылұлы
Similar Songs
Credits
PERFORMING ARTISTS
Мәлік Жамбылұлы
Performer
COMPOSITION & LYRICS
Қамал Ермаханов
Composer
Мөлдір Айтбай
Songwriter
Lyrics
Адамдар жұп боп жаралған
Адаспай табу ақ арман
Әрбір жанға, тағдыр жолда.
Жүрегім тулап теңіз боп
Өзіңді таптым көп іздеп
Маңдайдағы бақ жұлдызым.
Қыз жібектей көркемдігі
Күнекейдей еркелігі
Жүрегімнің ерке гүлі
Сен қанатымсың
Томиристей батылдығы
Нұриләдай ақыл нұры
Қабырғамдай жақындығы
Аманатымсың
Қуаныш, мұң келсе де
Жаным көктемім гүл берсе де
Жастықтан кәрілік кеп
Үлгерсе де!
Бақытқа тәнті етемін
Көзің білемін жарқ етерін
Сүюге сені ғана
Ант етемін
Тәңірім қосқан жұбым боп
Ақ көйлек кидің күлімдеп
Сенен барды аямаймын.
Қолымнан ұстап сеніммен
Жүрегің маған берілген
Дақ түсірмей аялаймын!
Written by: Мөлдір Айтбай, Қамал Ермаханов