Krediler

PERFORMING ARTISTS
Рахат Турлыханов
Performer
COMPOSITION & LYRICS
Шакеев Еркеш Кокенович
Composer
Асылбек Абдрахман
Lyrics

Şarkı sözleri

Асыл әжем менің асқарлы белім
Сөздеріңді сенің құлағыма құйып келем
Асыл әжем әнім ақылың дара
Салған жолың сара сол жолыңмен жүріп келем
Көбелектей гүлден гүл аңсаған
Бақытымды бірден бір аңсаған, әжем
Балғын бала сезім арналады бұл әнім саған
Асыл әжем сәл көрмесем сағынамын
Асыл әжем шырағың боп жағыламын
Жетелеген арманға сенен ыстық жан бар ма
Асыл әжем панам ойлан деп балам
Оянсын деп санам ақылыңды айта бердің
Небір қызық қымбат ертегі, жұмбақ
Тарихымды тыңдап мен өмірге қайта келдім
Батыр екен өткен бабаларым
Сенің де бакытты балаларың, әжем
Балғын бала сезім арналады саған бұл әнім
Асыл әжем сәл көрмесем сағынамын
Асыл әжем шырағың боп жағыламын
Жетелеген арманға сенен ыстық жан бар ма - 3 ре
Written by: Асылбек Абдрахман, Шакеев Еркеш Кокенович
instagramSharePathic_arrow_out

Loading...