精选于

制作

出演艺人
Нұрболат Абдуллин
表演者
Әбдіжаппар Әлқожа
表演者
作曲和作词
Дін Шора
作曲
Оразбек Кинбаев
词曲作者

歌词

Көрсем де талай сылқымды
Көрсем де күлкі мың түрлі
Бұрын соң жаным еш жерден
Көрмеппін сенің күлкіңді
Мұңаюдың жоқ керегі
Күлгенің күшті себебі
Күлкіңе қарап күн-түні
Отыра бергім келеді
Күлкің-ай күлкің-ай
Айдан да әсем шіркін-ай
Ғашық болған шығармын
Күлкің үшін мүмкін-ай
Күлкің-ай, ай күлкің-ай
Күннен де көркем шіркін-ай
Тарқаттың-ау бір күліп
Көңілімнің бұлтын-ай
Үніңнен нәзік үзілген
Тістерің маржан тізілген
Сәл төмен қарап көздерің
Айналдым күлген жүзіңнен
Өзіңше болма өзіңше
Жүрегіңмен сезінсең
Ғашық боп қалар басқалар
Күлмеші көптің көзінше
Күлкің-ай күлкің-ай
Айдан да әсем шіркін-ай
Ғашық болған шығармын
Күлкің үшін мүмкін-ай
Күлкің-ай күлкің-ай
Күннен де көркем шіркін-ай
Тарқаттың-ау бір күліп
Көңілімнің бұлтын-ай
Күлкің-ай күлкің-ай
Айдан да әсем шіркін-ай
Ғашық болған шығармын
Күлкің үшін мүмкін-ай
Күлкің-ай күлкің-ай
Айдан да әсем шіркін-ай
Ғашық болған шығармын
Күлкің үшін мүмкін-ай
Ғашық болған шығармын
Күлкің үшін мүмкін-ай
Written by: Дін Шора, Оразбек Кинбаев
instagramSharePathic_arrow_out