Мәлік Жамбылұлы 的热门歌曲
类似歌曲
制作
出演艺人
Мәлік Жамбылұлы
表演者
作曲和作词
Нұртуған Жаңабай
作曲
Елнұр Нұрқасым
词曲作者
歌词
Бір жылы лебіз адамды айға апарады,
Бір қателігің мəңгілік ойда қалады.
Бумеранг сынды айналып қайта келетін,
Əрекеттердің сыры бар айналадағы.
Жеріміз айналатыны - жаратылыстан, Тегіміз жаратылған соң - сара туыстан. Қанымыз айналатыны - тірлік белгісі, Бағымыз айналып келер - дара тыныстан.
Қарамай кеткен бақытың қайта бұрылар,
Алдаған ақ арманның да айтар үні бар,
Жалғанда жақсылықтың да, жамандықтың да
Қайтарымы бар.
Сенделіп санамыздағы айланың бəрі.
Пенделік көңілің кейде пайда бұлдады.
Айналып қарап қояйық айналамызға,
Ақшаны армандай бермей айналымдағы.
Жайланып жақсылық тұрса жүрегіңдегі,
Айналып өзіңе келер тілегің кері.
Айналмай жатқан тірліктер қайырлы болсын,
Айналып қайта келмейтін бұл өмірдегі.
Written by: Елнұр Нұрқасым, Нұртуған Жаңабай