精选于

制作

出演艺人
Алтынай Жорабаева
表演者
作曲和作词
Нұрғиса Тілендиев
作曲
Мұқағали Мақатаев
词曲作者

歌词

Жазира, жасыл кілем өрнектеген,
Туған жерге, дариға, жер жетпеген Саржайлауым!
Кең өлкем, әлдилей бер сен деп келем
Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем Саржайлауым!
Саумал бұлақ- балдай дәрім,
Салқын самал -баурайларың
Саялаған, беу, туған жер,
Сағындырған Саржайлауым.
Армысың, ата-қоныс, жасыл мекен!
Ұланыңмын, мен сенің қасыңда өтем Сажайлауым!
Басқаның жерұйығын неғылайын,
Жерұйығы өзімнің қасымда екен Саржайлауым!
Жадырап, жұтайыншы тау самалын,
Осы еді ғой сағынып, аңсағаным Саржайлауым!
Гүлдерім, шыршаларым, аршаларым,
Бәріңе арнап мен бүгін ән саламын Саржайлауым!
Written by: Мұқағали Мақатаев, Нұрғиса Тілендиев
instagramSharePathic_arrow_out