精选于

制作

出演艺人
Ерболат Толеген
表演者
作曲和作词
Дүйсен Бықыбаев
作曲
Айдар Сейдәзім
词曲作者

歌词

Күнде тыным таппаған,
Шетел әнін жаттаған.
Таң атқанша жатпаған,
Блогер қыз.
Бір көруге асық боп,
Қалдым саған ғашық боп,
Лайктарды басып көп,
Блогер қыз.
Басамын көп лайкты,
Соған сенсің лайықты,
Болмайыншы айыпты.
Блогер қыз.
Лайк үйіп жинаған,
Инстаграмда сыйлы адам.
Алыс болшы темадан,
Блогер қыз.
Ерте жат күнім,
Тасып шаттығың.
Тик-ток түсіріп,
Жүрсің ысылып.
Жансың тілі бал,
Тіпті танымал.
Басында бағы бар,
Блогер қыз.
Гүлдей болып иілші,
Қызғалдақтай қиылшы.
Тек өзіме бұйыршы,
Блогер қыз.
Қарсы жүзіп ағысқа,
Кенелем деп табысқа,
Дақ түсірме намысқа.
Блогер қыз.
Жасаймын деп ғажапты,
Күлкі қылма қазақты.
Бос өткізбе сағатты
Блогер қыз.
Жауап беріп хатқа да,
Жаман сөзді жаттама,
Ар-намыстан аттама,
Блогер қыз.
Ерте жат күнім,
Тасып шаттығың.
Тик-ток түсіріп,
Жүрсің ысылып.
Жансың тілі бал,
Тіпті танымал.
Басында бағы бар,
Блогер қыз.
Ерте жат күнім,
Тасып шаттығың.
Тик-ток түсіріп,
Жүрсің ысылып.
Жансың тілі бал,
Тіпті танымал.
Басында бағы бар,
Блогер қыз.
Ерте жат күнім,
Тасып шаттығың.
Тик-ток түсіріп,
Жүрсің ысылып.
Жансың тілі бал,
Тіпті танымал.
Басында бағы бар,
Блогер қыз.
Written by: Айдар Сейдәзім, Дүйсен Бықыбаев
instagramSharePathic_arrow_out