歌词

Ақ сұңқар ұшты ұядан Қол жетпейтін қиядан Тұяғы бүтін тұлпар жоқ Қанаты бүтін сұңқар жоқ Қайрат деген қыран бар Қайғыға тізгін бермейтін Қайғы деген жылан бар Өзекті шағып өртейтін Үміт, сенім, тілек бар Қуантып, қуат алдырар Жылау деген азап бар Қуартып отқа жандырар Бауыры бүтін сау бар ма Өлімнен күшті жау бар ма Пұлсыз берді, құнсыз алды Бұған айтар дау бар ма Сабырлылық қыл, жылама Өлшеулі өмір тұра ма Жылағаннан шырағым Жаның басқа шыға ма Қайрат деген қыран бар Қайғыға тізгін бермейтін Қайғы деген жылан бар Өзекті шағып өртейтін Үміт, сенім, тілек бар Қуантып, қуат алдырар Жылау деген азап бар Қуартып отқа жандырар
Writer(s): Anar Umurzakova Lyrics powered by www.musixmatch.com
instagramSharePathic_arrow_out