类似歌曲
制作
出演艺人
Серғазы Нұржанұлы
表演者
Айдана Кекентаева
表演者
作曲和作词
Арсен Нарханов
作曲
萨亚特·阿别诺夫
词曲作者
歌词
Жүрегімде мәңгі қалуға,
Өмірімнен орын табуға,
Үміт отын жағуға дайынсың ба?
Жүрегім боп бірге соғуға,
Бақ құсым боп қолға қонуға,
Сүйген жарым болуға дайынсың ба?
Сағыныштан жүдедім бе?
Сен ғана жүрегімде,
Жалғызымсың бұл өмірде…
Қарайлаймын көңіліңе?
Айналайын серігіңе,
Сен керексің өміріме…
Жоқ, жаным, алаңдама,
Сезімім адал, дара.
Дайынмын десең болды,
Берілем саған ғана!
Тауыспа амалымды,
Талдырма жанарыңды.
Мен ғана естиінші,
Иә деген жауабыңды!
Сол сөзің ең керегі,
Жаныма дем береді.
Білемін мен секілді,
Сүйесің сенде мені.
Бақыттың дәмін көрші,
Бұйырған бағым болшы.
Жалғыз-ақ бір тілегім,
Шын сүйген жарым болшы!
Written by: Арсен Нарханов, Саят Әбенов