类似歌曲
制作
出演艺人
Ұлмекен Бегалиева
表演者
作曲和作词
Малика Равшанова
作曲
萨亚特·阿别诺夫
词曲作者
歌词
Әркез есімін етемін мақтан,
Жаныма үміттің шырағын жаққан,
Мен үшін тағдырдың дәм-тұзын татқан,
Бұл менің анам, бұл менің анам.
Кейде ұйқысыз мені ойлап жатқан,
Көңілсіз шағымда көңлімді тапқан,
Мейрімін үстіме көрпе ғып жапқан,
Бұл менің анам, бұл менің анам.
Бәрінен қымбаттым, бағалым,
Бәрінен жақыным, адалым,
Бәрінен аяулы адамым,
Бұл менің анам, бұл менің анам.
Биікке әрқашан бастырған қадам,
Бақыттың есігін аштырған маған,
Мен үшін бәрінен рас қымбат адам,
Бұл менің анам, бұл менің анам.
Бәрінен қымбаттым бағалым,
Бәрінен жанашыр адалым,
Бәрінен аяулы адамым,
Бұл менің анам, бұл менің анам.
Жыласам жұбатқан сөзбенен мені,
Күлімдеп қуантқан көзбенен мені,
Ерекше көретін өзгеден мені,
Бұл менің анам, бұл менің анам.
Written by: Малика Равшанова, Саят Әбенов